Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы» РМК тапсырмасына сәйкес, *2026 жылғы 5 қазанда Жезқазған және Сәтбаев қалаларында* базалық өмірді қолдау — *BLS (Basic Life Support)* бойынша ақпараттық-практикалық мастер-класс өткізілді.

Іс-шара барысында Ұлытау облысының жедел медициналық жәрдем станциясының медицина қызметкерлері *Жезқазған және Сәтбаев қалаларының өрт сөндірушілеріне, сондай-ақ **Қ.О. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің студенттері мен қызметкерлеріне* алғашқы көмек көрсету және төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет ету алгоритмдерін үйретті.

Мастер-класс барысында:
🔹 жүрек-өкпе реанимациясын жүргізу алгоритмі;
🔹 жүрек тоқтаған кездегі алғашқы көмек;
🔹 автоматты сыртқы дефибрилляторды (AED) қолдану;
🔹 манекенде практикалық дағдыларды орындау пысықталды.

🤝 Мұндай бірлескен практикалық сабақтар төтенше жағдай кезінде жедел әрі дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастырып, адам өмірін сақтап қалуға дайындықты арттырады.

❤️ *Бірге үйренеміз — бірге өмір сақтаймыз!* 🚑

#BLS #BasicLifeSupport #АлғашқыКөмек #ЖӨР #AED #Дефибриллятор #ЖеделМедициналықЖәрдем #ҰлытауОблысы #Жезқазған #Сәтбаев #ӨртСөндірушілер #ЖезқазғанУниверситеті #ПрактикалықМастерКласс